Қосшы қаласының Қоғамдық мәдени-спорт кешені (бұдан әрі — Орталық) құқықтық диалогтың ашық алаңына айналды. Академия қызметкерлері тұрғындарға қолжетімді және түсінікті түрде заңнама нормаларын түсіндіріп, өзекті сұрақтарына жауап беріп, олармен пайдалы құқықтық ақпаратпен бөлісті.
Акцияның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, құқықтық сауаттылық пен заң мен қоғамдық тәртіпті бұзуға төзбеушілікті қалыптастыру.
Іс-шара аясында Орталықтың кітапхана қорын Академия оқытушылары дайындаған заманауи ғылыми-құқықтық басылымдармен толықтыру жүргізілді. Бұл материалдар практикалық білімнің қосымша көзі болады және Орталыққа келушілердің өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді.
Заң консультацияларының мобильді форматы қала тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырды. Қосшы тұрғындары отбасылық, еңбек, тұрғын үй және әкімшілік мәселелер бойынша түсіндіру жұмысына белсенді түрде жүгінді, бұл осындай бастамалардың жоғары сұранысқа ие екендігін растады.
Ұйымдастырушылар Қосшы қаласының әкімдігіне көрсеткен қолдауы үшін, сондай-ақ акцияның барлық қатысушыларына белсенді азаматтық ұстанымы мен құқықтық қоғам құруға ұмтылысы үшін алғыс білдірді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz

