Құқық қорғау органдары академиясында жаңа жылдық мерекелік атмосфера орнады. Жаңа жыл қарсаңында Академия қызметкерлерінің балаларына арналған дәстүрлі балалар шыршасы өткізілді.
Жарқыраған шырша шамдары, ертегі кейіпкерлері, Аяз Ата мен Ақшақар кішкентай қонақтарға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Балалар қыс мезгілі мен Жаңа жылға арналған тақпақтарын айтып, естелік сыйлықтар мен тәттілерге қол жеткізді.
Мереке барысында жас қатысушылар қызықты ойындар мен түрлі байқауларға белсене қатысып, өздерінің тапқырлығы, ептілігі мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Залда күлкі мен қуанышқа толы шынайы жаңа жылдық көңіл күй орнады.
Осындай игі іс-шараларды ұйымдастыру Академия ұжымының ауызбіршілігі мен қамқорлығын айқын көрсететін жақсы дәстүрге айналған. Мереке балаларға шаттық сыйлап қана қоймай, отбасылық құндылықтар мен жақындарға көңіл бөлудің маңызын тағы да еске салды.
Академия баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды! Жаңа жыл әр отбасыға қуаныш, береке, бейбітшілік пен амандық әкелсін!
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz




