Академиядағы әдеби кеш

2025 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Академия әнұранының және «Халықтың көші-қоны туралы» қазақ тіліндегі алғашқы заңның авторы – қазақстандық жазушы, журналист және қоғам қайраткері Әкім Ысқақтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

Іс-шара білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуына, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Магистранттар автордың «Қазағым», «Бізге берілген», «Қайырлы таң», «Менің әкем» және «Өмір деген не?» атты шығармалары бойынша көркем оқулар мен музыкалық-поэтикалық шығармаларды ұсынды.

Шығармалардың эмоционалдылығы мен философиялық тереңдігі мәдени құндылықтарға деген құрмет атмосферасын қалыптастырды. Ісшара тыңдалған мәтіндерді талқылаумен және әсер алмасумен аяқталды, бұл Академияның мәдени ортасын және білім алушылардың отандық әдебиетке деген қызығушылығын нығайтты.