Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «OSINT көмегімен терроризмге қарсы іс-қимыл: заң үстемдігі қағидатын сақтауды қамтамасыз ету» ұлттық тренингі аяқталды. Тренинг Еуропалық Одақтың «Ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы іс-қимыл» (EU-ACT) жобасы аясында өткізілді.
Оқу-жаттығуға прокуратура және полиция қызметкерлері қатысты. Бес күн ішінде испандық сарапшылар цифрлық тергеу және құқық қорғау органдарының жұмысында ашық ақпарат көздерін пайдаланудың практикалық тәсілдерін ұсынды. Бағдарлама OSINT әдістемесін, деректерді қорғауды, әлеуметтік желілерді талдауды (SOCMINT), геокеңістікті барлауды (GEOINT), киберқауіпсіздік мәселелерін және жасанды интеллект құралдарын қолдануды қамтыды.
Қатысушылар ашық дереккөздерден ақпаратты іздеу, тексеру және жүйелеу дағдыларын пысықтады, цифрлық материалдармен жұмыс істеу кезінде адам құқықтары мен заң үстемдігі қағидатын сақтау бойынша ұсынымдар алды. Алынған тәжірибе мамандардың аналитикалық мүмкіндіктерін нығайтып, заманауи қауіп-қатерлерге жауап беруге дайындығын арттырды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz




