Қосшы қаласындағы мәдени-спорттық кешеннің мәжіліс залында «Көршіңді таны» пилоттық жобасының қорытынды іс‑шарасы өтті. Бағдарламаға қала тұрғындары мен қонақтары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және жастар қатысты.
Жақсы көршілік байланыстарды нығайтуға, жергілікті қоғамдастықты дамытуға және әлеуметтік бастамаларды ілгерілетуге үлес қосқан белсенді қатысушылар Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жоба халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық сананы қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді байланысты нығайтуға бағытталған. Бастаманы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қосшы қаласының прокуратурасымен, әкімдікпен және полиция бөлімімен бірлесіп жүзеге асырды.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында өтіп, қауіпсіз және үйлесімді қалалық ортаны құру үшін бірлескен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz




