Ашхабад қаласында өткен БҰҰ ЕҚБ Аймақтық бағдарламасының Басқарушы комитетінің жыл сайынғы отырысына қатысу аясында Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров пен БҰҰ ЕҚБ-ның Аймақтық өкілі Оливер Штольпе арасында екіжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар көпжылдық ынтымақтастықтың нәтижелері мен есірткі және киберқылмысқа қарсы күрес, цифрлық құзыреттерді дамыту және құқық қорғау кадрларының біліктілігін арттыру бойынша бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын талқылады.
Сонымен қатар цифрлық криминалистика, жасанды интеллектті цифрлық іздерді талдауда қолдану, киберқылмыстарды тергеуге арналған оқу модульдерін әзірлеу және Дохадағы БҰҰ ЕҚБ-ның Киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі Аймақтық орталығымен өзара іс-қимыл перспективаларына ерекше назар аударылды.
Тараптар әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік танытты. Білім беру саласындағы ынтымақтастық өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға және адами капиталды дамытуға бағытталған бірлескен бағдарламалар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz

