Білім беру процесіндегі ЖИ: жаңа құралдар мен мүмкіндіктер

2025 жылғы 30 қазанда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқытушылармен қызметкерлерге арналған «Білім беру процесіндегі жасанды интеллект» тақырыбында семинар өтті.  Іс-шара цифрлық құзыреттілікті арттыруға және оқытуда ЖИ технологияларын қолданудың заманауи тәсілдерін меңгеруге бағытталған.

Спикер ретінде TechnoWomen AI жәнецифрлық дағдылар бойынша жаттықтырушысы, ЕҚДБ тәлімгер-сарапшысы, Ozgeshe негізін қалаушылардың бірі Наталья Абрамова сөзсөйледі.  Ол білім беру қызметінде жасанды интеллектіні қолданудың практикалық құралдарын ұсынды, цифрлық қызметтер мен технологиялардың мысалдарын көрсетті, сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен оқу материалдарымен интерактивті мазмұнды қалай жасауға болатынын көрсетті.

Қатысушылар жасанды интеллектінің заманауи мүмкіндіктерін меңгеріп, оны оқытуда тиімді қолдану бойынша практикалық дағдыларын пысықтады.  Семинардың практикалық бағыттылығының жоғары деңгейі жәнеалынған ұсынымдардың цифрлық білімберу саласындағы одан әрі жұмыс үшін маңыздылығы атап өтілді.