Республика күні қарсаңында Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясында «Республикаға қызмет ету: құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың әлеуметтік-гуманитарлық бағдарлары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру институты уйымдастырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көтерілген идеяларды талқылауға арналды.
Талқылауға академияның профессор-оқытушылар құрымы, магистранттары мен докторанттары, ІІМ Басқару академиясының, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының және М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдері қатысты. Қатысушылар гуманистік құндылықтар мен патриотизмді кәсіби бірегейліктің негізі ретінде, рухани-адамгершілік тәрбиенің және шешендік өнердің рөлін, сондай-ақ білім беруді цифрландыру перспективаларын талқылады.
Дөңгелек үстелде Республикаға қызмет етудің – қызметкерлер қызметінің теңдайлығы мен азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін айқындайтын басты моралдық бағдар екені аталды. Академия қоғам мен мемлекетке қызмет ету құндылықтарын нығайтуға және кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған ғылыми-практикалық іс-шараларды жалғастыруниетін білдірді.




