Академия ТМД-нің прокуратура органдарында жасанды интеллектіні қолдану туралы зерттеу жүргізді

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің тапсырысы бойынша прокуратура органдарының қызметінде жасанды интеллектіні қолдану тақырыбында мемлекетаралық ғылыми зерттеу жүргізді.

Жұмыс ТМД елдерінің ғылым және тәжірибе өкілдерін біріктірді.  Алғаш рет қадағалау қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мен реттеуге кешенді талдау жүргізілді.

Нәтижесінде «Прокуратура органдарының қызметіндегі жасанды интеллект технологиялары: құқықтық реттеу және ТМД-да қолдану тәжірибесі» монографиясы шығарылды, онда ақпараттық-талдау жүйелеріне шолулар, халықаралық тәжірибе, цифрландырудың құқықтық аспектілері мен тәуекелдерін бағалау ұсынылды.

Сондай-ақ, әдіснаманың үйлесімділігі мен бірлігін дамытуға бағытталған мемлекетаралық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалды.

Зерттеу Үйлестіру кеңесі хатшылығының және авторлық ұжым мүшелерінің белсенді қолдауымен орындалды.