Академия қызметкерлері қарттарды құттықтады

Халыаралық қарттар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрғасым Әжітаевтың үйіне барды.

Ардагер 1925 жылы 1 қаңтарда Семей облысы Сарқымас ауылында туған. Жастайынан ашаршылық жылдарының сынақтарынан өтіпкен. 1943 жылы Новосібірдегі мергендер мектебін бітіріп, майданға аттанады. Курск доғасындағы шайқастарға, Берлинге шабуылға және Жапонияға қарсы соғыс қимылдарына қатысып, рота старшинасы шенімен майдан жолын аяқтады.

Соғыстан кейін Нұрғасым Әжітаев өзін қоғамдық және еңбек қызметіне арнады: комсомол ұйымының бастығы, әскери инспектор, ағаш ұстасы болып жұмыс істеді, жеті бала тәрбиелеп өсірді, 10 немере, 13 шөбере сүйді. Ол көптеген марапаттар мен алғыс хаттардың иегері, соның ішінде «Жеңіс үшін» медалімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалімен, Жеңіске арналған мерейтойлық медальдар және адал еңбегі үшін айырым белгілерімен марапатталған.

Сапар барысында Академия қызметкерлері ардагерге естелік сыйлық табыстап, өзімен және оның отбасымен әңгімелесіп қайтты  Нұрғасым Әжітаев соғыс және соғыстан кейінгі кезең туралы естеліктерімен бөлісті.

Академия қызметкерлері Нұрғасым Әжітаевқа ерлігі мен Отанға деген адалдығы үшін шексіз алғыстарын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге ықпал етті.