2025 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында магистранттар үшін «Алқабилердің қатысуымен сот талқылауының жекелеген аспектілері: процессуалдық ерекшеліктерден алқабилердің сенімін қалыптастырудағы мемлекеттік айыптаушының рөліне дейін» тақырыбында бинарлық дәріс өтті.
Сабақты Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Динара Амуртаева жүргізді. Сондай-ақ сарапшылар ретінде Академия қызметкерлері – заң ғылымдарының кандидаты Гүлмира Нубаева мен Сержан Теміров қатысты.
Дәріс барысында алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізудің негізгі процессуалдық ерекшеліктері, сондай-ақ осы процеске мемлекеттік айыптаушының қатысу ерекшеліктері қарастырылды. Алқабилердің ішкі сенімінің қалыптасуына тікелей әсер ететін прокурордың кәсіби және жеке қасиеттерінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Тақырып тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Талқылау барысында магистранттар белсенді түрде сұрақтар қойды, ал дәріскер кеңінен жауап беріп, қарастырылған мәселелердің практикалық маңыздылығын атап өтті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz




