Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл. Қаржылық мониторинг агенттігінің құзыретіндегі жекелеген қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары аяқталды.
Бағдарламаның мақсаты — қылмыстық кірістерді анықтаудың практикалық әдістерін жетілдіру және қаржылық қылмыстарды тергеуге заманауи ақпараттық технологияларды енгізу.
Бір апта ішінде тыңдаушылар мүліктік тергеу, кірістерді жылыстату схемаларын анықтау және цифрлық активтерді пайдалану бойынша жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларына ие болды.
Сабақтарды Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар өткізді. Курс шеңберінде тәжірибенің өзекті мәселелері қарастырылып, паралельдік қаржылық тергеу жүргізу тәсілдері талқыланды.
Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар жаңа кәсіби құзыреттіліктерді растайтын сертификаттар алды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz








