2025 жылғы 24 қыркүйекте Ереванда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің 24-ші отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Сәуле Сапаралиева таныстырды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру болды. Сәуле Сапаралиева өз баяндамасында Академияда қолданылатын мамандарды оқыту мен қайта даярлаудың заманауи тәсілдерін таныстырып, қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті.
Сонымен қатар С.Сапаралиева Академияның ТМД-ның базалық ұйымы ретіндегі рөлін көрсетіп, халықаралық бағдарламалар, инновациялық әдістемелерді енгізу және шетелдік сарапшыларды тарту туралы баяндады. Ол оқытудың практикаға бағдарлануын және Академияның мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру бағдарламаларын одан әрі жетілдіруге ниетті екенін айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыруды растайтын құжаттарға қол қойылды.




