Рухани мұра: Абай мен Байтұрсыновтың ізімен

Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай прокуратура органдарының қызметкерлері арасында «Бес асыл іс…» байқауы өтті.

Конкурсқа қатысушыларды марапаттау Бас прокуратураның ғимаратында өтті, онда салтанатты іс-шара мен концерт ұйымдастырылды.

Сондай-ақ іс-шара қазақтың көрнекті ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнін мерекелеуге арналды, бұл байқауға қосымша тарихи-мәдени мән беріп, оны өткенге деген құрметті біріктіретін оқиғаға айналдырды.

Іс-шараға шығармашылық тұлғалар мен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың туған-туыстарының ұлы ақын Абайдың шығармасын орындауы ерекше мән берді.

Құқық қорғау органдары академиясы үшін ағаоқытушы А. Жарылғасынқызы мен оның ұлы М. Жарылғасынұлының «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерінен үзінділер оқып «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіріп орындағаны үшін үшінші жүлделі орын иеленгені ерекше болды.

Жалпы, іс-шара қызметкерлердің рухани мұрасымен шығармашылық бастамаларын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, жылы, шабыттандыратын атмосферада өтті.