Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 2025 жылы қабылданған магистранттар мен докторанттар үшін Таныстыру-ұйымдастыру апталығы басталды.
Салтанатты ашылу 2025 жылғы 2 қыркүйекте Қосшы қаласының мәдени-спорт кешенінде өтті. Онда білім алушылардың Академия басшылығымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуі өтті.
Академияның бірінші проректоры Қ.Қ. Сейтенов, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры С.М. Сапаралиева және Ғылыми хатшы Р.А. Құдабаев білім алушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
Апта шеңберінде білім беру бағдарламаларының тұсаукесерлері, Академия кафедраларының ғылыми қызметімен танысу, оқу процесі мен зерттеу жобалары мәселелері бойынша консультациялар мен кездесулер көзделген.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz




