Халқымызда дана сөзі Бұлақ көрсең – көзін аш» дана сөзі бар. Бұл терең мәнге ие – жастардың бойындағы қабілетін ашуға, шығармашылық табыстарға жол сілтеуге үндейді. Тап-таза мөлдір бұлақтай таланты жарып шығуға мүмкіндік береді.
Бұл үдерісте қоғам мен елге пайда әкелетін бастамаларды қолдаудың маңызы ерекше.
Осы мақсатта биылғы жазда Астанада Құқық қорғау органдары академиясының бастамасымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл: мен өз құқықтарым мен міндеттерімді қалай білемін» атты балалар сурет байқауы өтті.
Іс-шара Астана қалалық Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен, қала Білім басқармасымен және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің құқықтық білім деңгейін арттыру және конституциялық құқықтық сананы дамыту.
Жас қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері жөніндегі білімдері мен түсініктерін бейнелеу өнері тілі арқылы жеткізді. Олардың жұмыстарында Конституция қорғайтын құндылықтар – өмір сүру және денсаулықты қорғау құқығы, табиғат пен қоршаған ортаға қамқорлық, бейбітшілік пен әділдікке ұмтылыс көрініс тапты.
Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылғы 29 тамызда өтіп, байқау жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табысталды.
Жюри шешімімен жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Амандық Әмина, Мадышева Жанель, Қайржанова Әсел, Есетова Аруана;
2 орын – Тюленева София, Булатова Алуа, Джексембаев Алиакбар, Сабырова Жамиля, Бахтиярова Айша, Амандық Ахмет, Қайырбекова Жания;
3 орын – Гулиева Даяна, Хамзина Томирас, Төкен Аружан, Күзенбаева Саида, Майлюбай Жансезім, Балтабай Амина, Жараспаева Томирас, Қанат Жанаят, Оралбекова Жасмин.
Құқық қорғау органдары академиясы байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтайды, олардың креативтілігі мен шынайылығына алғыс білдіреді, сондай-ақ жаңа жетістіктер мен жарқын шығармашылық табыстар тілейді!


