Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында тәуелсіздіктің, заңдылықтың және әділеттіліктің символы — Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы елдің дамуына зор үлес қосты. Ол барлық құқықтық жүйенің өзегіне айналып, мемлекеттің тұрақты әрі бірқалыпты дамуының берік іргетасы болды.
Мерейтойлық күнге орай, Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстанның одан әрі гүлденуін, бейбітшілік пен тұрақтылықты, ал әрбір азаматқа – ертеңге деген сенімділік пен өз еліне деген мақтаныш сезімін арттыруды тілейді.




