Құқық қорғау органдары Академиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Конституция және мемлекеттік құрылым: құқық пен болашақ диалогы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға мүмкіндік алды.
2025 жылғы 28-29 тамызда Президенттік орталықта форумның алғашқы сессиясы өтті. Сессия тақырыбы – «Теңдікке кепілдік беретін конституциялық нормалар, қорғау құқығы және сотқа қолжетімділік». Іс-шараны ұйымдастырушылар қатарында Конституциялық сот, Әділет министрлігі, Президенттік орталық және Заңнама және құқықтық ақпарат институты болды.
Дискуссия барысында Конституцияның теңдік пен әділеттің негізі ретіндегі рөлі, азаматтардың құқықтарын қорғаудың заманауи механизмдері, сондай-ақ цифрландырудың сотқа қолжетімділік пен «тыңдайтын мемлекет» моделін дамытуға әсері талқыланды.
Академия үшін басты мәселелер – конституциялық кепілдіктерді жетілдіру, құқық тәртібін нығайту және жаңа буын мамандарын дайындау болды.



