Астанада Конституцияның 30 жылдығын мерекелеуге арналған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында жарқын республикалық веломарафон өтті.
Спорттық іс-шара қатысушылардың күш-жігері мен төзімділігін айқын көрсетті.
Веломарафонға Бас прокуратураның, барлық өңірлік прокуратуралардың, Құқық қорғау органдары академиясының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Активтерді қайтару комитетінің, сондай-ақ Бас көлік және Бас әскери прокуратураларының 40 өкілі қатысты.
Құқық қорғау органдары академиясының зор мақтанышына айналған Татьяна Даниловна Есенгалиева табанды додада жүлделі 3-орынға ие болды. Академия ұжымын абыройын асқақтатып, жоғары спорттық дайындық деңгейін көрсетті.
Марафон достық пен шабытқа толы жағдайда өтіп, әрбір қатысушыны ортақ мақсат – денсаулыққа қамқорлық жасауға, ұйымшылдықты қалыптастыруға және корпоративтік құндылықтарды нығайтуға біріктірді.







