Әдістер мен әдістеме: заманауи зерттеудің іргетасы

2025 жылғы 27 тамызда Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты базасында Ғылыми даму мектебінің «Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі» курсы аясында сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы – «Ғылыми зерттеудің әдістемесі мен әдістері».

Сабақты заң ғылымдарының докторы, доцент Сабигүл Бекишева жүргізді. Лектор ретінде заң ғылымдарының магистрі, ВҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері Т. Г. Маханов сөз алды.

Сабақ барысында ғылыми деректерді жинау мен талдаудың негізгі әдістері қарастырылды: сауалнама жүргізу, электрондық сауалнамаларды қалыптастыру тәсілдері, интервью алу, event-талдау, «Дельфи» әдісі, SWOT және PEST-талдау. Сондай-ақ тыңдаушылар алынған нәтижелерді көрнекі түрде көрсету үшін кестелер мен диаграммаларды құру және редакциялау бойынша практикалық дағдыларды меңгерді.

Курс ғылым әдістемесін тереңдетіп игеруге бағытталған, оның міндеттері мен функцияларын, деңгейлерін ашып көрсетеді. Ол ғылыми зерттеудің негізгі қағидаларын айқын түсінуге және түрлі әдістеме тәсілдермен танысуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ғылыми қызметтегі жүйелі және кешенді ойлауды дамытуға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz