Халықаралық стандарттарға сәйкес ғылыми әлеуетті дамыту

2025 жылғы 20 тамызда Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты базасында Ғылыми даму мектебінің «Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі» курсы аясында сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы және шетелдегі ғылымды ұйымдастыру».

Сабақты заң ғылымдарының докторы, доцент Сабигүл Бекишева жүргізді. Лектор ретінде PhD докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Р.А. Медиев «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен бірегей тәжірибесімен бөлісіп, шетелдегі ғылыми қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін таныстырды.

Бұл курс Академияның ғылыми әлеуетін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол кәсіби, уәжделген және халықаралық стандарттарға бағытталған ғылыми қауымдастықты қалыптастыруға ықпал етеді. Заманауи әдістемелік тәсілдерді енгізу тыңдаушыларға ғылыми құзыреттіліктерін айтарлықтай арттыруға және алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.