Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ғылыми даму мектебі аясында «Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі» курсы басталды. Жоба ғылыми кадрлық резервті қалыптастыруға және жас мамандардың зерттеу мәдениетін дамытуға бағытталған.
Бағдарлама қатысушылардың өз бетінше ғылыми қызмет дағдыларын меңгеріп, кәсіби әлеуетін арттыру үшін жасалған. Сабақты заң ғылымдарының докторы, доцент Сәбигүл Бекішева жүргізеді.
Курс ғылыми міндетті қоюдан бастап нәтижелерді талдау мен пішімдеуге дейінгі зерттеу жұмысының негізгі аспектілерін қамтиды. Қатысушылар заманауи әдістемелік тәсілдерді, талдау және салыстырмалы-құқықтық әдістерді зерделейді, сондай-ақ оларды өзекті құқықтық мәселелерді шешуде қолдануды үйренеді.
Бағдарламаны іске асыру Академияның ғылыми әлеуетін нығайтуға, ғылыми әзірлемелердің сапасын арттыруға және құқық қорғау жүйесінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін тиімді жұмыс істей алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


