Қауіпсіз интернет: «Көршіңді таны» жобасы аясындағы кинотренинг

2025 жылғы 10 шілдеде «Көршіңді таны» пилоттық жобасы аясында Қосшы қаласының Мәдени-спорт кешенінің акт залында «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кинотренинг өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қосшы қаласының прокуратурасымен, полиция бөлімімен және әкімдігімен бірлесіп өткізді.

Кинотренингке қатысушылар интернет-алаяқтық саласындағы өзекті қауіп-қатерлерді талқылап, цифрлық сауаттылық пен құқықтық сананы арттыруға қатысты ұсынымдармен танысты. Қылмыстың алдын алу шараларына және халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.

Тренинг ашық диалог форматында өтіп, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидасын орнықтыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz