Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кездесу

Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған әдеби кездесу өтті. Іс-шараға Академияның қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысты.

Кездесудің құрметті қонағы – абайтанушы, «Абайтану» ғылыми-ағартушылық орталығының негізін қалаушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының үздік ақыны» атағының иегері Алмахан Мұхаметқалиқызы. Шара рухани шабыт пен әдеби талғамға толы жағдайда өтіп, қатысушылар Абайдың өлеңдерін оқып, олардың философиялық мазмұнын талқылады.

Өз сөзінде Алмахан Мұхаметқалиқызы Абай мұрасының қазіргі қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын атап өтіп, мәдени жадымызды сақтау мен жастарды ұлы қазақ поэзиясына баулудың қажеттілігін айтты.

Академия белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, әдеби мәдениетті насихаттау мен жастардың эстетикалық тәрбиесі жолындағы ынтымақтастықты жалғастыруға сенім білдіреді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz