2025 жылғы 28 маусымда ҚазақстанРеспубликасы Бас прокуратурасыныңжанындағы Құқық қорғау органдарыакадемиясының ұжымы бұқаралық ақпаратқұралдары қызметкерлерін кәсібимерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн – журналистерге, редакторларға, операторларға және қоғамды уақтылы, объективті әрі шынайы ақпаратпенқамтамасыз етіп жүрген барлық БАҚ өкілдеріне алғыс білдіруге арналғанмаңызды күн. Сіздердің еңбектеріңіздіңарқасында құқықтық мәдениетқалыптасады, мемлекет пен азаматтарарасындағы диалог нығаяды, мемлекеттікинституттарға деген сенім артады.Академия сіздермен ынтымақтастықтыжоғары бағалайды және жаңашығармашылық табыстар, кәсіби өсу мен жеке бақ-береке тілейді.
Кәсіби мереке құрметіне Академия қызметкерлері «Евразия бірінші арнасы», «Хабар» және «24kz» телеарналарыныңредакцияларына барды. Сапар барысындаБАҚ қызметкерлерін жұмыс орындарындақұттықтап, жемісті ынтымақтастықтары мен жоғары кәсібиліктері үшін алғыс айтты. Академия ректоры Марат Сексембаевтыңатынан бірлескен жұмыс үшін ризашылықсөздері жеткізіліп, серіктестікбайланыстарды одан әрі дамытуға үмітбілдірілді. Құрмет белгісі ретіндеАкадемияның эмблемасы бейнеленгеналғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысетілді.
Мұндай кездесулер Академия мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағысеріктестік қатынастарды нығайтуға жәнеашық диалог орнатуға ықпал етеді. Академия ынтымақтастықты одан әрідамытуды көздейді және жаңа жобалардыжүзеге асыруға дайын.