2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Қайталанатын қылмыстардың детерминанттары және олардың алдын алу» және «Жастар арасында есірткінің таралуын алдын алу» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерге арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Бас прокуратураның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ғылыми қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.
Талқылау барысында қайталанатын қылмыстылық мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл қылмыстық мінез-құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады және ол қылмыстық-құқықтық, пенитенциарлық шаралардың тиімділігін төмендетеді, азаматтардың сот төрелігі институттарына деген сенімін әлсіретіп, қоғамдық қауіпсіздікке қосымша қатер төндіреді.
Сонымен қатар қатысушылар жастардың есірткіні қолдану мен таратуға қатысу себептерін, нашақорлықтың алдын алу саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың проблемалық аспектілерін, сондай-ақ осы құбылысқа қарсы тұру тетіктері мен стратегияларын қарастырды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша рецидивтік қылмыстың және нашақорлықтың алдын алу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді, сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің және жастар арасындағы есірткі мәселелерін ерте анықтаудың жолдары ұсынылды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz