2025 жылғы 25 маусымда Қосшы қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ұйымдастыруымен «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру» акциясы өтті. Іс-шара қоғамда заңдылықты нығайту мен құқық қорғау қызметінің беделін арттыруға бағытталған.
Академияның қызметкерлері мен тыңдаушылары азаматтар Жол жүру ережелерін сақтау және жолда жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларын орындау, сонымен қатар жүргізушілік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Көлік жүргізушілеріне жолда өзін жауапты ұстаудың үлгілері көрсетілді. Заңдарды білумен қатар, олардың мәнін терең түсініп, нақты жағдайларда ережелерді сақтауға дайын болу, жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарау қажеттігі атап өтілді. Ұстамдылық, өзара түсіністік және сыпайылық – қауіпсіз жол байланысының негізі екені баса айтылды. Құқықтық көлік жүргізу мәдениеті – жол-көлік оқиғаларын азайту және барлық жол қозғалысына қатысушылар арасында сенімді нығайтудың кілті.