Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Заң мен Тәртіп апталығы» республикалық акциясы және алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушылары арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыру шеңберінде іс-шараларды жалғастыруда.
Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі— ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Кезекті іс-шара прокуратура органдарының құрметті ардагері аға әділет кеңесшісі Магомед Акаевтың қатысуымен өтті.
Академия проректоры Маралбек Ешімов өз сөзінде ардагердің заңдылықты нығайтуға, жас кадрларды тәрбиелеуге және Академияны дамытуға, оның ішінде 1-Институтты басқару кезеңінде қосқан үлесін атап өтті.
Магомед Акаев өз кезегінде құқық қорғау органдарына түскеннен кейінгі алғашқы жылдары жас қызметкерлердің кәсіби бейімделуіне және қызмет ерекшеліктеріне байланысты маңызды тақырыптарды қозғады. Кездесу соңында ардагер тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, құнды өмірлік және кәсіби көзқарасымен бөлісті, сондай-ақ болашақ прокурорларды адалдыққа және заңға құрметпен қарауға шақырды.