Академияда OSINT бойынша тереңдетілген деңгейдегі тренинг өтті

[su_image_carousel source=»media: 25232,25233,25234,25235,25236″ slides_style=»photo» crop=»none» dots=»no» autoplay=»0″ image_size=»full»

2025 жылғы 16–20 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Ашық дереккөздерден (OSINT) ақпарат жинау және талдау: тереңдетілген деңгей» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараның серіктесі – Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі.

Бағдарлама ашық цифрлық дереккөздерден – іздеу жүйелері, веб-ресурстар, электрондық пошта арқылы мәліметтерді қауіпсіз жинау мен талдауға арналған практикалық модульдерді қамтыды. Цифрлық дәлелдемелерді тіркеу мен сақтау әдістеріне ерекше назар аударылды.

Оқыту Академия мен ЕҚЫҰ арасындағы цифрлық тергеу және трансұлттық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құзыреттерін дамыту бойынша жүйелі жұмыстың жалғасы болды.