Академия мен ЕҚЫҰ киберқылмысқа қарсы күресте әріптестікті кеңейтуде

2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері ЕҚЫҰ Хатшылығының Трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл департаментінің делегациясымен «Орталық Азияда киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы әлеуетті арттыру: II кезең» жобасы аясында кездесті.

Кездесу барысында оқу іс-шараларын өткізу, ұлттық жаттықтырушыларды даярлау, киберқылмыспен күрес жөніндегі оқу орталығының құрылуы сияқты өткен кезең жұмысының қорытындылары шығарылды. Академия проректоры Маралбек Ешимов жобаның тиімділігін атап өтіп, дайындықтан өткен мамандар криптовалюталарды қолдана отырып жасалатын қылмыстарды тергеуде алған білімдерін табысты қолданып жүргенін жеткізді.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді. Академия цифрлық криминалистика бойынша үш деңгейлі оқыту жүйесін енгізуді, заманауи жабдықталған зертхананы іске қосуды, жасанды интеллект технологияларын оқу процесіне енгізуді, сондай-ақ Академияны цифрлық криминалистика саласындағы өңірлік алаң ретінде дамытуды ұсынды.

Кездесу соңында ЕҚЫҰ өкілдері ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Академияның мерейтойлық медалімен марапатталды. Тараптар киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz