Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 6D030300 – «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Тимур Қайратұлы Авеновтің «Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.kz/?page_id=74&lang=ru
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері: тағайындалмаған.
Ғылыми кеңесшілер:
— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, доцент С.Д. Бекишева;
— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент С.Н. Исаева;
— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының оқу-әдістемелік жұмыс басқармасы ректорының көмекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Т. Абеуов.
Ресми рецензенттер:
— «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» РММ экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Марат Иманғалиұлы Жумагулов;
— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, философия докторы (PhD) Ержан Маратович Хакимов.
Қорғау 2025 жылғы 03 шілдеде, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-үй.
Сайт мекенжайы: http://academy-gp.kz/
Құжаттар