Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығын қорғау мәселелері бойынша прокурорлардың біліктілігін арттыру

2025 жылғы 26-30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өтті.

Оқыту кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығына қол сұғу және жасөспірімдердің өздері жасайтын қылмыстар мәселелеріне арналды.

Сабақтарды Академия оқытушылары, сондай-ақ арнайы шақырылған сарапшылар – ІІМ тергеушілері, психологтар, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі судья, Сот сараптамалары орталығы мен Бас прокуратура өкілдері жүргізді.

Курстың негізгі мақсаты – мұндай істерді тергеген кезде прокурорлардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, соның ішінде қылмыстарды саралау ерекшеліктері, дәлелдемелерді жинау, тергеу әрекеттеріне қатысу мәселелері бойынша білім беру.

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен зардап шеккен балалардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ тыңдаушылар тергеу әрекеттерін модельдеуге қатысты – оқиға орнын қарады, сараптамаларға сұрақтар дайындады, жауап алу жүргізіп, жауаптарды сақтауға қоюды үйренді.

Курс соңында қатысушылар кәмелетке толмағандарды қылмыстық процесте қорғау саласындағы жаңа білімдері мен дағдыларын растайтын сертификаттарға ие болды.