2024 жылғы 29 қазанында Астана қаласындағы БҰҰ Өкілдігі ғимаратында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясы өкілдерінің БҰҰ-ның Нашақорлық және қылмысқа қарсы күрес басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) аймақтық өкілі, доктор Оливер Штольпемен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар келесі жылы өзара әрекеттесудің басым бағыттарын талқылады, оның ішінде құқық қорғау органдарының трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткілердің заңсыз айналымымен және қаржылық қылмыстармен күресу саласында әлеуетін арттыруға бағытталған білім беру және аналитикалық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Академия ректоры Марат Сексембаев доктор Штольпеге Академияның 10 жылдық мерейтойына арналған медальды табыстап, БҰҰ ЕҚБ-ның құқық қорғау органдарын даярлау саласындағы халықаралық серіктестік пен сараптамалық қолдауға қосқан үлесін атап өтті.
Тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық танытып, бірлескен іс-шаралар, оқу бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобаларын өткізуге дайын екендігін білдірді.