Академия Еуропа Кеңесінің «HELP» жобасының өкілдерімен кездесті

2025 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында Академия ректоры Марат Сексембаев Еуропа Кеңесінің «HELP Орталық Азияда» жобасының өкілдерімен кездесу өткізді.

Еуропа Кеңесі тарапынан жобаның инновациялар және даму бөлімінің басшысы Сергей Дикман және жобаның үйлестірушісі Конуль Гасымова қатысты.

Тараптар Еуропа Кеңесінің білім беру бастамалары шеңберіндегі ағымдағы өзара іс-қимылды және негізгі бағыттар бойынша, атапайтқанда, цифрлық қауіпсіздік, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, қатар қаржылық тергеулер, адам құқықтарын қорғау, оның ішінде азаптауға қарсы іс-қимыл және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Адам құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттарын ескере отырып, Құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлері үшінбілім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелеріне, сондай-ақ Еуропа Кеңесі сарапшыларының осы материалдарды дайындауға қатысуына ерекше назараударылды.

Басым бағыттардың қатарында қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, құқық үстемдігі және адам құқықтары бойынша курстарды дамыту, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу бар.

Кездесу соңында қатысушылар серіктестік диалогты жалғастыруға қызығушылық білдірдіжәне ынтымақтастықты жүйелі негізде нығайтуға келісті.