Академия заң шығару институтымен серіктестікті нығайтады

28 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжат бірлескен ғылыми-сараптамалық жұмысты дамытуды, білім беру және талдамалық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ заң шығару және заңнаманы жетілдіру саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

Академия ректоры Марат Сексембаев өзінің кіріспе сөзінде құқық тәртібін нығайту, құқықтық мәдениетті дамыту және кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында бейінді мекемелер арасындағы тұрақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі жағдайда бірлескен ғылыми және білім беру бастамалары мемлекеттік құқықтық саясатты іске асырудың пәрменді құралына айналуда.

Институт директоры Индира Әубәкірова өз кезегінде келісімге қол қою қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтары ретінде заңды, тәртіп пен әділдікті нығайту ісінде күш-жігерді біріктіруге бағытталған серіктестіктің жаңа кезеңін бейнелейтінін атап өтті.

Кездесу соңында Академия аумағы бойынша таныстыру экскурсиясы өтті. Қонақтарға сот залы, психологиялық жеңілдету кабинеті, киберорталық, прокурорлық және криминалистикалық полигондар көрсетілді.