Астанадағы спорт ұйымдарының басшыларынаарналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатбойынша оқыту семинары

2025 жылғы 26-27 мамырда ҚазақстанРеспубликасы Бас прокуратурасының жанындағыҚұқық қорғау органдары академиясы «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағыныстыұйымдарының басшылары үшін екі күндік оқытусеминарын өткізді. Семинар сыбайлас жемқорлыққақарсы саясатқа, тәуекелдерді басқаруға және ақшаныжылыстатудың алдын алуға арналды.

Іс-шара бағдарламасы Қазақстан РеспубликасыныңСыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатыныңстратегиясын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінбағалау мен басқаруды, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдыңзаманауи құралдарын қоса алғанда, өзектітақырыптардың кең ауқымын қамтыды.

Тренингтің практикалық компоненті ерекшеназарда болды. Қатысушылар жүйелі теориялық білімалып қана қоймай, оны командалық тапсырмалар мен кәсіби қызметке тікелей байланысты нақтыжағдайларды талдау шеңберінде іс жүзінде бекітті.

Курстың мақсатытыңдаушыларға сыбайласжемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту, сондай-ақ күнделікті қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсыжұмыстың тиімділігін арттыру үшін қажеттіқұзыреттерді ұсыну.

Академия оқытушылары заманауи сын-қатерлердіескере отырып әзірлеген білім беру бағдарламасынақты жағдайларда қолдануға бағытталған. Бұл тәсілқатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ғанаемес, сонымен қатар ұйымдардағы сыбайласжемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін нығайтуғаықпал етеді.

Семинар соңында барлық қатысушыларға оқуданөткені туралы сертификаттар табысталды.

Академия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылсаласындағы мамандарды даярлау және олардыңбіліктілігін арттыру бойынша өзінің жүйелі жұмысынжалғастырады.