2025 жылғы 23 мамырда Астана қаласында Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының жоғары оқу курстарының делегациясымен екіжақты кездесу өтті. Өзбек делегациясының құрамына Жоғары судьялар кеңесі жанындағы Жоғары судьялар мектебінің директоры Хожи-Мурод Исоков, Өзбекстан Республикасы Құқық қорғау академиясы бастығының бірінші орынбасары Евгений Коленко және осы Академияның бакалавриат факультетінің бастығы Бахтиёр Каюмов кірді.
Кездеуде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев алғыс сөз сөйледі. Қазақстандық тарап кадрлар даярлауда және елдер арасындағы білім алмасуды дамытуда ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер барысында өзара іс-қимылдың қызметкерлердің біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, оқытушылық практикамен алмасу сияқты негізгі бағыттары талқыланды. Киберқауіпсіздік мәселелеріне, оның ішінде цифрлық технологиялар мен криптовалюталарды қолдану арқылы қылмыстарға қарсы тұруға ерекше назар аударылды.
Өзбек тарапы серіктестікті дамытуға қызығушылық білдіріп, білім беру процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін және бейінді мекемелер арасындағы практикалық өзара іс-қимылды тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар құқық қорғау кадрларын даярлаудың тиімділігін арттыруға, ғылыми-білім беру бастамаларын дамытуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін растады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz