2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Педагогикалық шеберлік мектебі шеңберінде «Оқыту дағдыларын дамыту және жетілдіру»тақырыбында оқытушылар үшін біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курс бағдарламасы Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби деңгейін арттыруға, педагогикалық құзыреттілікті дамытуға және заманауи білім беру тәсілдерін енгізуге бағытталған.
Бес күн ішінде қатысушылар заманауи білім беру тәсілдеріне еніп, цифрлық құралдарды зерттеді, тәжірибелерімен бөлісті және аудиториямен жұмыс істеу бойынша практикалық кеңестер алды. Әдістемелік сүйемелдеу мәселелері, материалды берудің жаңа форматтары және тыңдаушылармен белсенді өзара іс-қимыл тәсілдері талқыланды.
Сабақтарды Академияның тәжірибелі оқытушылары, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шақырылған дәріскерлері өткізді.
Оқыту шараның қорытындысы – жаңа көзқарас, оқу сабаққа арналған жаңа құралдар мен идеялар.