2025 жылғы 13 мамырда Академияда «Конституциялық бақылау — конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Іс–шара «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспарын іске асыру аясында Академия тыңдаушылары үшін ұйымдастырылды.
Дәріспен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм Институтының норма шығармашылық мәселелері жөніндегі Атқарушы директоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алмас Қанатұлы Қанатов сөз сөйледі.
Дәріс барысында Конституциялық Сот қызметінің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған негізгі аспектілері қаралды. Құқық қолдану практикасына, құқықтық мемлекетті нығайтудағы сот шешімдерінің маңыздылығына, сондай-ақ конституциялық-құқықтық қағидаттарды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Дәріскер тыңдаушыларға Конституциялық Сот төрелігі мен құқық теориясы мәселелеріне арналған өзінің ғылыми еңбектері мен жарияланымдарының негізгі ережелерін ұсынды, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық тұжырымдарымен бөлісті.
Кездесу соңында пікір алмасу өтті: спикер тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді, практикалық ұсыныстар берді және қоғамдық құқық саласындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара Конституциялық соттың рөлін тереңірек түсінуге, қатысушылардың аналитикалық ойлауы мен құқықтық санасын дамытуға ықпал етті.