Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, анықтама телефоны: 8702-977-49-36, e-mail: 7340804@prokuror.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
Жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Лауазымдық айлықақы :
Санаты | Еңбек өтіліне қарай | |
min | max | |
С-4 | 263 131 | 302 255 |
- Академияның Мемлекеттік құпияларды қорғау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету тобының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз етеді; шетелдік техникалық барлау құралдарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Академия қызметін зерделеу және талдау жөніндегі жұмыстар мен іс-шараларға қатысады; мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның отырысына материалдар дайындауды жүзеге асырады; лауазымдар номенклатурасын, құпия істер номенклатурасын, іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді бекітілген мәселелерге қатысты жүзеге асырады; құпиялық режимін қамтамасыз етуді сипаттайтын атқарылған жұмыс туралы есеп пен статистикалық деректерді; құпия, жұмылдыру, өкімдік құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды, беруді, орындалуын бақылауды, сақтауды жүзеге асырады; шығыс құпия құжаттарды орайды және жібереді; орындалған құжаттарды номенклатуралық істерге және рұқсат беру бойынша арнайы тексеру істеріне қалыптастырады; «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген хат алмасуды жүзеге асыру кезінде Академияның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді; мұрағаттық құжаттарды құпиясыздандыру, құпиялылық белгісін өзгерту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; құпия номенклатуралық істерді өңдейді және оларды Ұлттық мұрағатқа сақтауға береді; Академия қызметкерлері мен жұмыскерлерінің елден тыс жерлерге шығуына байланысты жұмыстар кешенін орындайды; өткізу және объектішілік режимді, ұйымды және олардың режимдік үй-жайларын, аумақтарын, құпия құжаттар мен бұйымдарды сақтау қоймаларын күзетуді қамтамасыз етуге қатысады; күзет қызметінің құпиялылық режиміне қатысты талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Біліміне қатысты талаптар:
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
— Педагогикалық ғылымдар (қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (Қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе екі шет тілі (Білім));
— Өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология);
— Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану және/немесе психология және/немесе кітапхана ісі және/немесе мәдениеттану және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету және/немесе халықаралық қатынастар);
— Бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе халықаралық құқық);
— Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (информатика және/немесе ақпараттық жүйелер)
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 бұйрығы) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
_____________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ____________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))