Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныңжанындағы Құқық қорғау органдары академиясыцифрлық қауіпсіздік саласындағы сараптамалықдаярлаудың өңірлік орталығы мәртебесін нығайтудыжалғастыруда. Бұл бағыттағы кезекті қадамМоңғолияның құқық қорғау органдарының шақыруыбойынша 2025 жылғы 22-24 сәуір аралығында Ұлан-Батырда өткен «Цифрлық ортадағы қылмыстардытергеу» тақырыбындағы халықаралық семинар болды.
Семинар Академияның шетелде қазақстандықкәсіби тәжірибені ілгерілету, халықаралық диалогтыкеңейту және Азия өңіріндегі байланыстарды нығайтужөніндегі стратегиялық бастамасының бір бөлігіболды. Қатысушылар моңғол құқық қорғауоргандарының өкілдері болды, оларға цифрлықдәлелдемелермен жұмыс істеудің заманауи әдістері, соның ішінде криптовалюта операцияларын талдау, қараңғы желідегі қылмыстарды анықтау және OSINT құралдарын пайдалану ұсынылды.
Оқу бағдарламасы тергеу және жедел-іздестіруқызметінде цифрлық криминалистиканы қолданубойынша теориялық сабақтарды да, практикалықтренингтерді де қамтыды. Сабақтарды өткізудіпрактикалық тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігібар Академия сарапшылары қамтамасыз етті.
Іс-шараның соңғы бөлігі ашық сессия болды, ондаАкадемияның білім беру бағдарламалары жәнетрансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимылжөніндегі өңірлік хаб ретіндегі қызметі ұсынылды.
Моңғолияда семинар өткізу Академияның цифрлықдәуірдің сын-тегеуріндеріне тиімді жауап бере алатынмамандар даярлау саласындағы сенімді халықаралықәріптес және көшбасшы ретіндегі өсіп келе жатқанрөлін растады.