Ұлы қазақстандық композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы оның шығармашылық мұрасына арналған мәдени челленджді бастады.
Бастама құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қазақ мәдениетінің барлық білгірлерін Маэстро шығармаларын орындауға шабыттандыруға бағытталған. Академия акцияны ең танымал шығармалардың бірі – «Ата толғауы» күйін орындаумен ашты.
Нұрғиса Тілендиев – әрбір қазақстандық білетін есім. Оның музыкасы халық арасында өмір сүреді және біз оның жалғасқанын қалаймыз. Мәдени мұраны сақтау – мамандыққа қарамастан біздің ортақ міндетіміз.
Академия Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрібек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына эстафета тапсырады және әріптестерін, серіктестерін, сондай-ақ челленджді қатысқысы келетіндердің барлығын шақырады. Қосылу үшін Тілендиевтің күйін домбырада орындау, бейне жазу және оны әлеуметтік желілерде #Тілендиев100, #Тілендиев100 хэштегімен жариялау жеткілікті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz