Мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңа тәсілдер: Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегі зерттеудің тұсаукесері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде (МҚІА) мемлекеттік қызметке кіру және қызмет ету кезіндегі шектеулерге арналған Құқық қорғау органдары академиясының ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің презентациясы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру, заңнаманың сақталуын бақылау, сондай-ақ заңдық сүйемелдеу мәселелері жөніндегі мамандарды қоса алғанда, МҚІА-ның бейінді департаменттерінің қызметкерлері қатысты. Талқылау барысында мінсіз бедел институтын енгізуге, іріктеу кезеңдерін цифрландыруға және мемлекеттік қызметке кіруге және қызмет етуге қатысты қолданыстағы шектеулерді қайта қарауға ерекше назар аударылды.

Сарапшылар қазіргі заманғы сын-қатерлер мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауды талап ететінін атап өтті. Іріктеудің ашықтығы мен объективтілігі, бюрократиялық кедергілерді азайту және процестерді цифрландыру білікті кадрлар үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыра алады. Талқылау барысында кандидаттар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша этикалық стандарттар мен шараларды сақтау мәселелері де қозғалды.

Ұсынылған зерттеу тақырыптың теориялық және практикалық аспектілерін талдау тереңдігі үшін жоғары бағаланды. Пікірталас қорытындысы бойынша МҚІА мен зерттеу ұжымы арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Келешекте заңнамалық ұсыныстармен бірлесіп жұмыс істеу және мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге бағытталған практикалық шешімдерді енгізу жоспарлануда.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz