Активтерді қайтару: құқық қорғау органдарына арналған практикалық ұсынымдар

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінде Құқық қорғау органдары академиясы жүргізген «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігі: теориялық және қолданбалы аспектілер» тақырыбындағы ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Комитет басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ қылмыстық процесс және халықаралық ынтымақтастық саласындағы мамандар қатысты. Ұсынылған материалдар теориялық талдаудың өзектілігі, тереңдігі және әзірленген ұсыныстардың қолданбалы маңыздылығы үшін жоғары бағаланды.

Талқылау барысында активтерді қайтаруға, құқық қолдану практикасына және осы саладағы халықаралық тәжірибеге қатысты қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалау критерийлерін жетілдіру, сондай-ақ құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Зерттеу нәтижелері активтердің мемлекеттік бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдарды қалыптастырудың негізі болады.

Құқық қорғау органдары академиясы ғылыми зерттеулер дайындау және қылмысқа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz