Серіктестіктің жаңа кезеңі: Академия мен РесейПрокуратура университеті келісімді жаңартты

Бүгін онлайн форматта Құқық қорғау органдары академиясы мен Ресей Федерациясы Прокуратура университеті басшыларының кездесуіөтті.  

 Кездесу барысында Академия ректоры Марат Сексембаев пен Университет ректоры Игорь Мацкевич екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бұрын жасалған Келісімді жаңартты.

2015 жылдың 28 қазанында қол қойылған білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік байланыстардың дамуына маңызды қадам болды. Құжат құқықтық жүйені нығайтуға, тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ прокуратура органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған.

Келісімді жаңарту өзара әрекеттестікті қазіргі талаптарға бейімдеуге мүмкіндік береді және мамандарды даярлау саласындағы бірлескен жұмысты жаңа деңгейге көтереді. Құжат аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайтадаярлау, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық құраммен алмасу қарастырылған.

Оқу орындарының басшылары жаңартылған ынтымақтастық екі елдің ғылыми-білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби байланыстарды одан әрі нығайтуға негіз болады деген сенім білдірді.