Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінде (ҚМА) Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жұмыстарының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Агенттіктің Тергеу департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Жүргізілген ғылыми зерттеулер қылмыстық жолмен алынған мүлікті жария етуге байланысты қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру, сондай-ақ активтерді қайтару кезінде дәлелдемелердің жеткіліктілігі мәселелеріне арналған. Тұсаукесер барысында құқық қолдану тәжірибесінің бар проблемаларын талдауға, тергеушінің процессуалдық дербестігі мәселелеріне, сондай-ақ мүлікті заңдастыру істерін сотта қарауға қатысты заңнаманы жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Қатысушылар ғылыми әзірлемелердің жан-жақты және егжей-тегжейлі көзқарасы үшін жоғары бағалады. Ұсынылған материалдарда тергеудің тиімділігін арттыруға және дәлелдемелерді нығайтуға бағытталған практикалық ұсынымдар бар.
Зерттеу нәтижелері ҚМА-ның тергеу бөлімшелерінің әдістемелік және практикалық қызметінде қолдануға ұсынылады.
Құқық қорғау органдары академиясы сот төрелігі жүйесін жетілдіруге және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған өзекті ғылыми жобалар бойынша жұмысты жалғастыруда.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz