Халықаралық сарапшылар Орталық Азиядағы адам саудасының жаңа қауіптерін талқылады  

Құқық қорғау органдары академиясы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен бірлесіп «Алтын үшбұрыш» елдерінде Орталық Азия азаматтарын қанау: жаңа сын-қатерлерге халықаралық жауап» тақырыбында онлайн-форматта халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара жұмысына аумақтық прокуратуралардың, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

Талқылау барысында өңірдегі адам саудасы мен заңсыз қанаудың қазіргі тенденцияларына, осы қылмыстың құрбандары тартылатын кибер алаяқтықтың жаңа схемаларына, сондай-ақ осы құбылысқа қарсы күрестің ұлттық және халықаралық құқықтық тетіктеріне байланысты өзекті мәселелер қаралды. Қатысушылар осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша құқық қолдану тетіктерін жетілдіру, трансшекаралық өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ халық арасында адам саудасына байланысты тәуекелдер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсынымдар әзірленді. Ұлттық деңгейде осы қылмысқа қарсы күресті күшейтуге бағытталған «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының ережелерін іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Құқық қорғау органдары академиясы трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық бастамаларға белсенді қатысуды жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz