Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында Астана қаласының Ө. Жәнібеков атындағы № 11 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары Құқық қорғау органдары академиясының өкілдерімен кездесті.
Спикерлер ретінде Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының доценттері Динара Әміртаева мен Артур Баймаханов, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар сөз сөйледі. Оқушыларға заң алдында барлығының теңдігі принципі, құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығы және құқықтық тәртіпті сақтау үшін әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі туралы айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар заңнаманың негізгі аспектілерін талқылады. Спикерлер азаматтардың құқықтары мен міндеттері және өз мүдделерін құқықтық салада қорғау жолдары туралы айтып берді. Пікірталас оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, оның аясында олар өзекті сұрақтар қойып, нақты жағдайларды талдай алды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастардың Заңға және құқықтық тәртіпке саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететініне сенімді. Академия барлық қатысушыларға алғысын білдіреді және құқықтық білім беру саласында одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді!
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz