Бас прокуратурада ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстыру туралы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Зерттеуді Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымы жүргізді.

Іс-шараға Бас прокуратураның Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметінің басшылық өкілдері мен қызметкерлері қатысты. Зерттеу осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру кезінде туындайтын проблемаларды егжей-тегжейлі талдағаны үшін жоғары бағаланды.

Қолданыстағы процедуралардағы кемшіліктерді анықтауға және оларды жою бойынша ұсыныстарға ерекше назар аударылды. Тұсаукесер аясында қылмыстық процесті жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірибеге арналған ұсынымдар берілді.

Ұсынылған зерттеудің нәтижелері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді оңтайландыруға бағытталған одан әрі заңнамалық және ұйымдастырушылық өзгерістер үшін негіз бола алады. Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуына үлес қоса отырып, құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерімен белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz