Киберқылмыстарды цифрлық тергеу бойынша біліктілікті арттыру курсы  

2025 жылғы 24-28 ақпан аралығында Құқық қорғау органдары академиясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін «Киберқылмыстарды цифрлық тергеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курстың негізгі мақсаты теориялық білімді кеңейту ғана емес, сонымен қатар цифрлық криминалистика аспектілерін қоса алғанда, киберқылмыстарды тиімді тергеу үшін қажетті практикалық дағдыларды дамыту болды.

Бір аптаға созылған тренинг барысында қатысушылар цифрлық дәлелдермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын заманауи технологиялар мен бағдарламалық құралдарды меңгерді. Криптовалюталарға, олардың киберқылмыстағы рөліне, сондай-ақ виртуалды активтермен транзакцияларды тергеу әдістеріне қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Жедел цифрландыру жағдайында киберқылмыс тек жеке тұлғаларға ғана емес, бизнеске де, мемлекеттік құрылымдарға да әсер ететін ең үлкен қауіптердің біріне айналуда. Бұл мұндай қылмыстарды тергеу және алдын алу тәсілдерін үнемі жетілдіруді талап етеді.

Оқытуды Академияның практикалық және ғылыми тәжірибесі бар профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізді. Курс шеңберінде тыңдаушылар киберқылмыстарды тергеу барысында туындайтын өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылады.

Курс бағдарламасы цифрлық қатерлерге қарсы күресте озық әдістемелер мен технологияларды енгізуге бағытталған, бұл Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби өсуіне ықпал ететін болады.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар киберқылмыстарды цифрлық тергеу саласындағы құзыреттерін растайтын сертификаттар алды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz